2735

Нұр-Сұлтанда СОО мен СҮ-де тәртіп бұзылғаны үшін Ashyq жүйесінен екі айға дейін шығарылады

Елордалық сауда ойын-сауық орталықтары (СОО) мен сауда үйі (СҮ) қалада толық локдаунды енгізбес үшін Ashyq жобасы аясында жұмыс істеуге дайын. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бизнес субъектілерінің жұмысы Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер Палатасының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, елорда әкімдігі басшылығының, сондай-ақ СОО және т.б. өкілдерінің қатысуымен zoom-конференциясында талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов бұған дейін «Атамакен» ҚР ҰКП Ashyq қосымшасын барлық жерге енгізу секілді бизнес жұмысының бірнеше нұсқасын Үкіметке ұсынғанын атап өтті. Қазіргі уақытта СОО және СҮ аталмыш жобаға өз еркімен қатысады. Өз кезегінде СОО және СҮ иелері Ashyq аясында жұмыс алгоритмін қамтамасыз етуге қызығушылық танытады.

«Біз СОО мен СҮ коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары әрі адам көп жиналатын орын екенін білеміз. Осы себепті сауда ғимараттарының қауіпсіз жұмыс істеуі үшін, сол сияқты қаланың тыныс-тіршілігін сақтау үшін осы қызмет түрін жобаға қосу қажет деп санаймыз», - деді Алмат Жүнісов.

Ол сондай-ақ СОО және СҮ иелеріне қосымшаны тиісті деңгейде пайдаланбағаны, келушіні тіркемегені үшін жобадан екі апта мерзімге, қайталанған жағдайда екі айға шығарылатынын ескертті. Ashyq жобасынан шығару нысанның жұмыс уақытын едәуір қысқартады.

Өз кезегінде Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру департаменті директорының орынбасары Айгүл Шағалтаева елордада соңғы аптада коронавирус инфекциясын күн сайын 1200-1500 адам жұқтыратынын жеткізді. Соңғы аптада 9934 COVID-19 оқиғасы тіркелді, бұл алдыңғы аптадан 37,5%-ға жоғары. Ол КВИ таралатын негізгі орындар адам көп жиналатын тұстар, әсіресе СОО екенін айтып өтті.

«Ashyq қосымшасының арқасында күніне 200-ге жуық адам үй карантинін бұзатыны анықталады. ПТР тесті оң нәтиже көрсеткенін біле отырып, адам көп жиналатын жерге баруын тоқтатпай отыр. Бұл жұқтыру қаупі өте жоғары екенін білдіреді. Қазір карантиндік шараларды қатаңдату мәселесі қаралуда. Біз ШОБ субъектілерінің жұмыс кестесі мен режиміне қосымша өзгерістер енгізуді ұсынып отырмыз. Бәрін санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырамын», – деді Айгүл Шағалтаева.

Кездесуге қатысқан кәсіпкерлер Ashyq жобасы шеңберіндегі жұмыс алгоритмін сақтауға, СОО және т.б. барлық кіру/шығу тұстарында келушілерді бақылауды қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109