1544

Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне 600 астам елордалық оқушы қатысты

Астанада 15 жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңі аяқталды, оған 610 елордалық оқушы қатысты. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығынан хабарлады.

Астанада 15 жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңі аяқталды, оған 610 елордалық оқушы қатысты. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығынан хабарлады. 

Олимпиада №66 мектеп лицейінің базасында химия, биология, физика, математика, география, информатика пәндері, №6 гимназияда қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, құқық негіздері, тарих, орыс тілі және әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын, неміс, француз тілдері бойынша өткізілді. Айта кетейік, олимпиадаға жалпы білім беру ұйымдарынан республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде І және ІІ орын алған 610 оқушы қатысты. 

Қазылар алқасының құрамына елордалық жетекші ЖОО 62 ғалымы енді. I және II турлардың қорытындысы бойынша 38 оқушы бірінші, 81-і екінші және 128-і үшінші орын алды. Олимпиаданың мақсаты - Астана қаласының білім ұйымдарында оқитын дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың біртұтас жүйесін қалыптастыру, жеке пәндер бойынша жоғары деңгейлі қабілеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу болып табылады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109