4567

Нұр-Сұлтанның санитарлық дәрігерлері карантинді қасақана бұзатын мекемелердің тізімін жариялады

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын 100 және одан да көп мекеме тексеріледі. Шектеу және карантин шаралары сақталмайтын, сол сияқты «Ashyq» жобасына қатысатын 10-20 нысан анықталады. Тиісті талапты бұзғандар «Ashyq» жобасынан шығарылады, ал мекеме қызметі сот арқылы тоқтатылады.

Осылайша, Нұр-Сұлтанның санитарлық дәрігерлері шектеу шараларын қасақана бұзатын мекемелерді атады.

«Ashyq» жобасына қатысқанмен шектеу және карантин шараларын бұзатын нысандар: «Панаехали», «Чечил Паб», «Chili Grill», «Колесо», «ХЗ» барлары, «Plaza Di Astana» салтанат сарайы, «Inforno» мейрамханасы, «Мята» лаундж-бары, «Текила», «Алания» караоке-мейрамханасы, «Жеті қазына» мейрамханасы, «Адлер» қонақ үйі, «Janymsoul» караоке-клубы, «Грузин Кузин», «VinoGrad» мейрамханалары, «Будапешт» кафе-бары, «Marrone rosso» кофеханасы, «Кавказская пленница».

Ал «Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандарда жұмыс режимі бұзылып, келушілер саны белгіленген мөлшерден асып жатады. Сол сияқты әлеуметтік қашықтық сақталмайды. Олар: «seka food» кафесі, «1001 түн» рестобары, Республика даңғылындағы «Игровой клуб», «Chim chi» кафесі, «Winnie ПИХ» лаундж-бары, «ShuBar» бильярд клубы, «Bombay Grill & More» бильярд клубы, «Аll stars», «PS5», «Respawn» ойын клубы, «Barrus bar», «Brauer» бары және т. б.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 271 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. КВИ инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Қала тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс. Вакцинация өз денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жандардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109