2823

Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде 28 мекеме карантин талаптарын бұзды

Елорданың мониторингтік топтары карантиндік шектеулерді сақтамайтын кәсіпкерлік нысандарын анықтауда. Тіпті «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс істейтін кейбір нысандар да тиісті талаптарды сақтамай жатады. Негізінен бетперде, әлеуметтік қашықтық, жұмыс тәртібі және өзге де санитарлық нормалар ескерілмейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, яғни 23 шілде күні мониторингтік топтар карантинді бұзған 28 кәсіпкерлік нысанын анықтады.

Карантин талаптары негізінен Байқоңыр ауданындағы мекемелерде сақталмайды. Мұнда 12 нысанда санитарлық нормалар мен жұмыс режимі бұзылғаны анықталды. Олар: Республика даңғылындағы лото клуб, «Пусан» кафесі, «Астықжан», «Орчестра», «Арзан», «Элсан», «Манго», «Explore», «12 ай», «Автодом», «Алаш» сауда орталықтары, «Биг Шанхай» базары.

Алматы ауданында орналасқан «Арзу» шайханасында, «Семей» кафесінде, «Алания», «Анкара» түнгі клубтарында, «ЭХО» жазғы барында карантиндік шектеулер ескерілген жоқ.

Есіл ауданында «Рыба Пила», «Inforno» мейрамханалары, «Панаехали», «Chechil Pub» барлары және «Quartet» караоке-клубы белгіленген уақыттан кейін де жұмыс істеп, келушілерді қабылдады.

Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы 6 мекемеде: «Қазығұрт», «Шашлычок», «Дублин», «Нирвана» кафелерінде, «PivBar» сыра барында, «Мята» лаундж-барында карантин бұзылғанын анықтады.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Айта кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Коронавируспен ауыратындар күн сайын артып келеді. Өткен тәуліктің өзінде Нұр-Сұлтанда КВИ жұқтырған 1500-ден астам науқас анықталды. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары карантиндік және шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанның санитарлық дәрігерлері карантинді қасақана бұзатын мекемелердің тізімін жариялаған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109