2646

Реанимацияда орын жоқ: елордалық дәрігерлер ковидтік стационардағы жағдайды көрсетті

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Күн сайын коронавирустық инфекцияның 1300-ден астам жағдайы тіркеледі. Дельта штаммы жылдам жұғып, адам ағзасына ауыр әсер етеді. Бір жарым жылдан астам уақыт бойы COVID-19-бен күресіп келе жатқан елордалық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды көрсетті.

Кадрлардың бірінде әрең дем алып жатқан ер адамның кеудесі көрсетілген. Пациенттің өздігінен дем ала алмай, арнайы аппаратқа қосылғанын көруге болады.

Зейнеткер Мәдина Сыздықова жұбайымен бірге босаңсып, қауіпті вирусты ұмытып кеткенін мойындады.

«Жұбайым екеуміз қауіпсіздік шараларын сақтап жүргенде бәрі жақсы болатын. Құрметті азаматтар! Мен сіздерді коронавируспен ауырған адам ретінде бұл ауруға жүрдім-бардым қарауға болмайтынын ескертемін. Вирустық инфекция өте қауіпті. Қорқатындай-ақ қауіпті! Енді жұбайым екеуіміз ем алып, осы ауруханада жатырмыз», — деп қорытындылады 68 жастағы Мадина С.

Инфекциялық стационарға қайта бейінделген Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері Айнұр Омарова қала тұрғындарына үндеу жолдап, инфекцияның қауіптілігін еске салды.

«Жағдайдың ауыр екенін алдыңғы шепте күресіп жүрген бізден естігендеріңізді қалаймын. Ауыр науқастар көп, реанимациялық төсектің біреуі де бос емес. Індет жұқтырған балалар көп. Өз денсаулығыңды, өзгелердің денсаулығын қорғаудың жолы — санитарлық нормаларды сақтау және вакцинация. Вакцинация ғана аурудың ауыр күйінен және ИВЛ аппаратынан қорғайды. Вакцинация сізді де, айналаңыздағы жандарды да сақтайды», — дейді дәрігер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109