5966

Маска режимі сақталмайды, адам саны көп және түннің бір уағына дейін жұмыс істейді: Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде 39 нысанда карантин талаптары бұзылды

Елорданың мониторингтік топтары күн сайын кәсіпкерлік нысандарында шектеу шаралары бұзылғанын анықтауды күшейтілген күйде жүргізіп келеді. Өткен тәулікте, яғни 24 шілде күні қаланың 39 мекемесі мен дүкенінде карантин талаптары сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Күн сайын мониторинг топтары қаланың 100-ден астам кәсіпкерлік нысанында санитарлық нормалар мен шектеу шаралары сақталғанын анықтайды.

2021 жылғы 1 қаңтар мен 23 шілде аралығында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 163 млн теңгеге 822 жеке, заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тек бір тәулік ішінде, 24 шілдеде 39 нысанда карантин бұзылғаны анықталды. Мекеме қызметкерлері маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, жұмыс режимін сақтаған жоқ, сонымен қатар келушілердің жаппай жиналуына жол берілді.

Сарыарқа ауданында бұл тізімге «Стамбул», «Бармалей», «Ай», «Султаншы», «Севда» кафелері, «Мята» лаундж-бары, «Счастье», «О Азамат» мейрамханалары, Бейсекова көшесіндегі аксессуарлар дүкені кірді.

Есіл ауданының мониторингтік тобы 12 нысанда: "Aura Verdant", "Сексеуіл", "La Terrazza", "Veranda" мейрамханаларында, "Rayan", "Opus One", "Baoli" кафелерінде, "KartMax" картинг-клубында, "Koleso" барында, "Zima" барлар галереясында, "Maktub" шығыс кофеханасында және Желмай көшесіндегі монша кешенінде карантин бұзылғанын тіркеді.

Алматы ауданында орналасқан тағы 6 мекеме шектеу шараларын елеген жоқ. Оның ішінде "Бақ Сарай", "АқОтау" мейрамханалары, "Шашлычка" кафесі, "Карима" палау орталығы, "Солт" бары, "Мята" лаундж-бары бар.

Байқоңыр ауданында тәртіп бұзушылар тізіміне "Шифу", "Пошашлычим" кафелері, "Арзан", "Орчестра", "Элсан", "Манго", "Explore", "12 ай", "Автодом", "Астықжан" СО, "Алаш" СҮ, "Биг Шанхай" базары енді. 

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын қалада коронавирустың 1300 жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Сол сияқты бетперде тағу, адам көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болу және т.б. ұсынылады.

Бұл ретте қауіпті вируспен күресу үшін бір ғана карантин талаптарын сақтау жеткіліксіз. Халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың маңызы зор.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109