2922

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Пәтер ұтысының ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатысады. Оның қорытындысы қыркүйек айының басында жарияланады. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі, вакцина алғандарға құжат толтыру талап етілмейді. Оған қаладағы кез келген вакцинация пунктінде екпе алғандар қатысады.

Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинациядан өткендердің ID генерациясымен таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық атсалысты. Бұл сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Ал «MEGA Silk Way» СОО-ның вакцинация пунктінде екпе алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі апта сайын тікелей эфирде iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізеді. Бағалы сыйлықтың бәрі демеушілер есебінен ойнатылады.

Ұтыс ойындары азаматтарды вакцина алуға ынталандыру үшін өткізіледі. Санитарлық нормалар мен вакцинация сіздің денсаулығыңызды, айналаңызды және жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

акцинация арқылы ғана ұжымдық иммунитет қалыптасады. Ұжымдық иммунитет елорда мен тұрғындарын ешбір шектеусіз, карантинге дейінгі қалыпты режимге қайта оралуға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109