3341

Реанимацияға вакцина алмағандар түсіп жатыр – Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасы

Реанимация бөліміне КВИ-ға қарсы вакцина алмаған пациенттер түсіп жатыр. Стационарға жеткізілгеннен кейін олардың денсаулығы екі-үш күнде өте ауыр күйге дейін нашарлайды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.

«Біздегі реанимациялық төсектер 84%-ға толды. Коронавирус инфекциясына қарсы екпе алмаған, ауыр күйде жатқан 248 пациент бар. Оның ішінде 77 адам өте ауыр халде жатыр. Науқастардың басы-қасында жүргендіктен бұл көрсеткіш қатты алаңдатып отыр. Біз өткен жылғы ең ауыр күйге жетейін деп қалдық», - дейді басқарма басшысы.

Тимур Мұратовтың айтуынша ауыр күйде жатқандар арасында қарт кісілер ғана емес 35 жастағы науқастар да бар.

«Вирус жаңа штаммдарға мутацияланып отырады, ал әрқайсысында науқастар жастар арасында жиілейді. Қазір жастар да, тіпті балалар да аурудың ауыр күйіне ұшырай бастады. Екі-үш күн ішінде пациенттердің денсаулығы нашарлағаны соншалық жасанды тыныс алу аппаратынсыз өмір сүре алмайтын күйге жетеді. Реанимациядағы барлық пациенттің мұндай жағдайға түсуінің себебі – вакцинацияланбаған. Бірақ олар мұны кеш түсінді», - деп атап өтті Т. Мұратов.

Тимур Мұратов қала тұрғындарын уақытында вакцинациядан өтуге, осы арқылы өздерін инфекция жұқтырудан қорғауға шақырды.

«Құрметті азаматтар! Ойланып және күтіп отыратын уақыт жоқ! Қазір вакцинация алу өте маңызды, әйтпесе кеш болуы мүмкін. Бізге, яғни дәрігерлерге, КВИ-ге байланысты қайтыс болғандар статистикасын жариялау, туыстарына жақыны келмеске кеткенін айту оңай емес. Өткен жылы біз пандемияны жеңудің барлық жолын іздеген едік, ал қазір қолымызда бар, ол – вакцинация. Осы арқылы ғана біз аурудың қиын кезеңінен шыға аламыз», - деп қорытындылады қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109