2167

Балалар коронавируспен жиі ауыра бастады. Ауру ауыр түрде өтуде — Нұр-Сұлтан қаласының инфекционист дəрігері

Елордада маусым айынан бастап балалар арасында коронавирус инфекциясының өсуі байқалады. Балалар негізінен отбасындағы КВИ жұқтырған адаммен байланыста болғаннан кейін ауырады. Бұл туралы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, инфекционист дәрігер Роза Өтегенова айтты.

«Яғни, отбасында ересек адам ауырса, тіпті жеңіл түрі болса да, онда балалардың барлығы дерлік жұқтырады. Бүгінгі күні инфекциялық орталықта КВИ жұқтырған 110-нан астам бала емделуде», - дейді дәрігер.
Сондай-ақ, ол «Дельта» штаммы өте агрессивті екенін атап өтті, сондықтан балалар ересектерге қарағанда оңай және тез жұқтырады.

«Балаларда ауру симптоматикалық емес, клиникалық айқын формаларға дейін созылады. Балалардағы негізгі белгілер – интоксикация, дене қызуы, катаральды көріністер болуы мүмкін. Сондықтан, бастапқыда қарапайым вирустық инфекциялардан еш айырмашылығы жоқ деп айта аламыз. Бірақ динамикадан кейін асқынулар болуы мүмкін, сонымен қатар созылмалы аурулар болған кезде балаларда созылмалы патологиялардың декомпенсациясы басталуы мүмкін. Бұл жағдайдың нашарлауына алып келеді», - деді Роза Өтегенова.

Сондай-ақ, дәрігердің пікірінше, көп нәрсе баланың коронавирус жұқтырғанға дейінгі денсаулығына байланысты. Яғни, егер ол КВИ-ге дейін сау болса, ауру жеңілірек түрде жүреді.

«Ауру ағымының ерекшелігі – олардың инфекциялық процесі кез-келген кезеңде аяқталуы мүмкін, яғни бала не тез емделіп шығады немесе бірден ауыр түріне жетеді.. Инкубациялық кезең ересектердегідей өтеді: 4-тен 14 күнге дейін. Алайда, балада қосымша аурулары болса, оның жағдайы жылдам нашарлауы немесе нашарламауы мүмкін», - дейді маман.

Инфекция асқынатын негізгі орган — ересектердегі секілді өкпе. Бірақ жүрек, бауыр, асқазан-ішек жолдары болуы да мүмкін. Сол сияқты ауыр түріндегі сепсис пен шок жағдайына дейін әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, балалардың бірден бірнеше жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін, бұл денеге теріс әсер береді.

«Ата-аналардың бәріне сақтық шараларын қатаң сақтауын, әсіресе вакцинациядан өтуі керектігін айтқымыз келеді. Негізінен екпе алмаған отбасылардың балалары ауыр түрде ауырады. Вакцинация алыңыз, өзіңізді және балаларды қорғаңыз! Өйткені, кішкентай балалар өздерінің ауырып қалғанын түсінбеуі мүмкін, ал кейін ауру ауыр күйде өтеді», - деп қорытындылады Роза Өтегенова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109