2490

Нұр-Сұлтандағы сауда орындар Ashyq-қа қосылады

Нұр-Сұлтанның жабық сауда орындары өзге кәсіпкерлік нысандары секілді «Ashyq» жобасына қосылады. Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, осылайша қызметкерлер мен келушілерді қорғауға және нысанның қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Олардың қатарында, мысалы, «Әсем», «Әлем» сауда орталықтары, «Эталон» құрылыс базары бар, сондай-ақ «Шапағат», «Сарыарқа» және өзге де сауда орындары жобаға дайындалуда.

Бүгінде елордада «Ashyq» жобасында 2 200-ден астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Жобаға қатысатын кәсіпкерлер қатысу шарттарын сақтауы тиіс: статусын анықтағаннан кейін ғана келушілерді ішке жіберуі тиіс. Ал мониторингтік топтар нысандардың санитарлық нормаларды және шектеу шараларын сақтағанын жүйелі түрде тексеріп тұрады.

Сонымен қатар, «Ashyq» жобасының арқасында 18 тұрғын «қызыл статусы» (ПТР сынамасы оң нәтиже көрсетті) бола тұра қоғамдық орындарға баруға тырысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осылайша, кәсіпкерлер «Ashyq» жобасының маңыздылығын атап өтті.

«Біз кешеден бері «Ashyq» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келеміз. Жұртшылық арнайы орнатылған тәртіп бойынша кіреді. Кірберісте жиналып тұрмайды. Бүгіннің өзінде келушілер арасында 2 сары,1 қызыл статусы бар адамдар анықталды. Өз тәжірибемізде мұндай үлкен нысанда да осы жүйе бойынша жұмыс істеуге болатынын көрсеткіміз келеді. Нысан қызметкерлері де, келушілер де өзін қауіпсіз сезінуі үшін осы жүйені орнатқанын қалаймыз», — деді «Әсем» СО директоры Нұрлан Нұрмағанбетов.

Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес осы жылдың 2 тамызынан бастап «Ashyq» жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылатын болады. Бұл тәртіп орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ-қа, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қолданылмайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109