1413

Биыл елордада 70 мың тоннадан астам қоқыс кәдеге жаратылды

Нұр-Сұлтанда стихиялық қоқыстармен күрес өз нәтижесін беруде. Рұқсат етілмеген полигондардың үштен бірі азайды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, жуырда Ақмола облысының Айналма жолы аумағында, сондай-ақ Байқоңыр ауданында ведомство инспекторлары апатты қоқыс үйінділері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында полигондар жойылды.

Естеріңізге сала кетейік, рұқсат етілмеген қоқыс орындары жыл сайын "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ Геопорталының ғарыштық мониторингі арқылы табылып, жойылады.

Биыл 70 мың тоннадан астам қоқыс кәдеге жаратылып, 100-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109