1623

Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде карантин талаптары 15 мекемеде бұзылды

Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік субъектілері арасында карантин бұзушыларды анықтауды жалғастыруда. Мәселен, 27 шілдеде  шектеу шараларын сақтамаған 15 мекеме анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тәулігіне 200-ден астам рейдтік іс-шара өткізіліп, елорданың 240 кәсіпкерлік нысаны тексерілді. Анықталған бұзушылықтардың арасында маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, жұмыс режимін сақтамау, адамдардың жаппай жиналуы жиі кездеседі.
Есіл ауданында "Opus One" кафесі, "Lavash Food" фаст-фуд нысаны және "Aura Club Alanya" түнгі клубы карантин талаптарын сақтамаған.

Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы "Буржуй" және "Chili Grill" барларында карантин бұзушылықтарын тіркеді.

Белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін Байқоңыр ауданында орналасқан 7 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар: "Zara" түнгі клубы, "Barrus" лаундж-бары, "Шашлыков", "Gastro Bar" барлары, "Respawn" компьютерлік клубы, "Амир" базары, "Шашлычок" кафесі.

Бұл тізімге сондай-ақ Манас көшесіндегі лото клубы, Алматы ауданында орналасқан "Панаехали" бары және Балқантау көшесіндегі коттедж кірді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын КВИ ауруының 1300-ге жуық жаңа жағдайы анықталады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109