1677

Елорда тұрғындары COVID-19 мәселелері бойынша call-орталықтарға қоңырау шала алады

Елорда тұрғындарына арнап коронавирустық инфекция мәселесі бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының жанынан колл-орталық құрылды. Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызметтің барлық түріне жүктеме түсіп келеді. Жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түседі, ал шақыру саны 3 мыңнан асады, оның ішінде КВИ бойынша 300-ге дейін жетеді.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін байланыс телефондары құрылды. Осы арқылы коронавирустық инфекцияға қатысты сұрақтарына жауап ала алады.

«Қала тұрғындары тарапынан мобильді топтардың жұмысы, учаскелік дәрігерлерге қоңырау шалу бойынша көптеген өтініш түсті. Қазір денсаулық сақтау мекемесінің әрқайсысына үлкен жүктеме түсіп отыр. Дәрігерлер күніне 3 мыңнан астам науқасты үйінде тексереді. Осыған байланысты қала тұрғындарына түсіністік танытуын сұраймыз. Егер өзіңізде аурудың симптомсыз түрі болса, фильтр-кабинеттерге, өз емханаңыздың call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз», - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында көрсетілген маңызды телефон нөмірлерін осы сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109