1204

Нұр-Сұлтанда есігін жауып алып жұмыс істеген мекемелер жауапкершілікке тартылды

Елорданың мониторингтік топтары күн сайын қаланың 100-ден астам кәсіпкерлік нысанында карантин шектеулерінің сақталғанын тексере отырып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Өткен тәулікте, 28 шілдеде карантин талаптарын бұзған 5 мекемені анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында «Аura Club Alanya» түнгі клубы белгіленген уақыттан кейін де жұмыс істеді.

Айта кету керек, кейбір мекемелер мониторингтік топ мүшелерін ішке кіргізбей, есіктерін жауып алып жұмыс істеген. Олардың арасында «The Bus» музыкалық бары, «Лағман және палау орталығы» кафесі, «Alanya» караоке-мейрамханасы бар.

Карантин талаптарын бұзғандар қатарында Байқоңыр ауданында орналасқан «Black House» компьютерлік клубы да бар.

Алматы ауданында «Mansion» караоке-бары мен «ХЗ» бары жұмыс режимін бұзды.

Сарыарқа ауданындағы «Ас» асханасында да карантин шектеулері сақталған жоқ.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шара қолдану үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын КВИ ауруының 1300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Қала тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары індеттің таралуын тоқтату үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109