1453

Нұр-Сұлтанда вакцинация туралы ақпарат тарату үшін аулаларды аралау жүріп жатыр

Нұр-Сұлтанда аудан әкімдіктері санитарлық дәрігерлермен және полицейлермен бірлесіп, қала тұрғындарына вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпарат тарату үшін аулаларды аралау жұмысын жүргізуде. Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонентін 333 мыңнан астам қала тұрғыны алды. Вакцинация сіздің денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді.

Аулаларды аралаудың мақсаты көшпелі бригадаларға ақпарат беру болып саналады. Ең алдымен, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар, яғни сұлулық салондары, шаштараздар, азық-түлік дүкендері, ХҚО, банктер және жұртпен тікелей байланыста болатын өзге де кәсіпорындар өз қызметкерлерін вакцинациялауы керек.

Көшпелі бригадалар еңбек ұжымдарына ыңғайлы болу үшін жұмыс орнында вакцинациялайды. Сол сияқты оған жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да барып, вакцина ала алады.

Бұдан басқа, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша мобильді бригадалардың саны артты. Бұл жедел жәрдем станциясының жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді әрі қала емханаларына септігін тигізеді.

Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес осы жылдың 2 тамызынан бастап «Ashyq» жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылатын болады. Бұл тәртіп орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ-қа, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қолданылмайды.

«Ashyq» жобасы коронавирустың таралу қаупін азайтуға, сол арқылы қызметкерлер мен келушілерді қорғауға, сондай-ақ нысанның қызметін жалғастыруына мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлері қала тұрғындарын вакцинациялауға, осылайша ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109