1295

Нұр-Сұлтанда ковидтік стационарлардағы төсек саны артты

Елордада коронавируспен жұқтырғандар санының өсуіне байланысты КВИ және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін қосымша төсектер орналастырылды. Мәселен, ковидке қайта бейінделген екі стационарда инфекциялық төсек саны 400-ге дейін артты. Бұған дейін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қосымша төсек-орын санын және реанимация бөлімінде 80-нен астам төсек-орын санын көбейткен еді.

Қайта бейінделген 16 ковидтік стационарда жалпы саны 4 мыңға жуық инфекциялық төсек бар.

«Реанимациялық төсек-орындардың бірде-біреуі бос болмаған күндер болды. Бұл біз үшін қиын кезең болды. Бақытымызға орай, пациенттер жазылып, қайтадан палатаға ауыстырылды. Дегенмен, өкініштісі, палатаға да, үйіне де орала алмаған науқастар болды. Азаматтарға екпенің маңыздылығын тағы да еске салғым келеді. Тек вакцинация өз денсаулығыңызды, сондай-ақ жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді», - деді басқарма басшысы Тимур Мұратов.

Бұған дейін Мұратов реанимация бөліміне КВИ-ге қарсы екпе алмаған пациенттер түсетінін атап өткен. Сонымен қатар, олардың денсаулық жағдайы 2-3 күн ішінде күрт нашарлап кететінін айтқан.

Дәрігерлер кеш болмай тұрғанда екпе алуға шақырады. Тек вакцинаның көмегімен сіз коронавирусты жеңе аласыз, дейді мамандар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109