1153

Елордада Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған мурал пайда болды

Стрит-арт жоба радиоарнаның директоры Дулат Абибуллаев пен елорда әкімдігінің бастамасымен, сондай-ақ қалалық урбанистика орталығының көмегімен жүзеге асырылды.

Муралда Мәңгілік Ел идеясы бейнеленген, ол Қазақ радиосының ғасырлық тарихи эволюциясымен ұштасқан.

"Тәуелсіздіктің 100 жылдығы мен 30 жылдығы аясында биыл бірқатар қоғамдық-мәдени шаралар жүзеге асырылды. Мысалы, Нұр-Сұлтанда біздің радионың редакциясының жанындағы көшелердің бірі "Қазақ радиосы көшесі" деп аталды. БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 1 қазанды - Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынды. Дәл осы күні, осыдан 100 жыл бұрын Қазақ радиосы өзінің хабар таратуын бастады. Ардагерлер мен радио қызметкерлері бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдады.

Мурал қаланың көрікті жерінде, Сауран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында орналасқан. Нұр-сұлтан қаласының әкімдігіне, Есіл ауданының әкімдігіне және қалалық урбанистика орталығына зор алғысымды айтқым келеді. Бұл жер радио сүйер қауым мен қала тұрғындары үшін тағы бір айшықты орындардың бірі болады деген үміттемін", - деді "Қазақ радиолары" ЖШС Бас редакторы - "Қазақ радиосы" радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев.

Қазақ радиосы Орынбордан хабар таратуды 1921 жылы халық ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың бастамасымен бастады және қазір ел аумағының 90% - на хабар таратады. Радионың мерейтойы аясында елордада бірқатар қоғамдық жобалар жүзеге асырылды. Мысалы, барлық автобус аялдамалары Қазақ радиосының кәсіби дикторларымен және қоғамдық орындарда, мұз айдындарында және т/ж вокзалдарында Қазақ радиосының хабар таратуы ұйымдастырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109