1788

Сарыарқа ауданының тұрғын алаптарында жаңа қоғамдық кеңістіктер мен аулалар абаттандырылып жатыр

Тұрғын үй алаптары Сарыарқа ауданы аумағының төрттен бір бөлігін алып жатыр. Биыл мұнда 7 аула мен 3 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жеке сектор тұрғындарының, әсіресе жасөспірімдер мен балалардың уақытын тиімді және пайдалы өткізу үшін барлық стандартқа сай келетін қоғамдық кеңістіктер салу маңызды.

Биыл Сарыарқа ауданының тұрғын үй алаптарында 7 аула мен 3 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда. 

Бүгінгі күні "Көктал-1" тұрғын алабында Ақтолқын-Бастық көшелері мен Жұмбақтас көшесінің қиылысында орналасқан 2 қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды.

Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде футбол алаңы, воркаут-аймақтар, балалар ойын алаңдары орналасқан. Сонымен қатар саябақтарда, скверлерде, бульварларда тұрғындардың демалуы үшін тыныш аймақтар қарастырылып, шырша, үйеңкі және сирень отырғызылды.

Сондай-ақ, биылғы жылы Агроқалашық тұрғын алабы аумағында Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған. Бүгінгі таңда сквердің жобасы бекітілді.

Осыған ұқсас жұмыстар қаланың басқа аудандарында да жүргізілуде. 

Айта кетейік, 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, бұл 76 гектардан астам аумақты құрайды. Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік салынады және жөнделеді.

Еске сала кетейік, елордада абаттандыру жұмыстары "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109