2053

«Салтанатты іс-шараларға қатысқан» — Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем қызметкерлері КВИ-мен ауыратын науқастар туралы айтты

Елордада күн сайын 1300-дей адамнан коронавирус анықталады. Дәрігерлердің айтуынша, реанимация бөліміне екпе ектірмеген жəне өз бетімен ем қабылдаған пациенттер түседі. 

Ахуалдық орталықтың мәліметінше, 30 шілде күні таңертең КВИ бар 238 пациент жансақтау бөлімінде, 45 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Естеріңізге сала кетейік, ахуалдық орталық 2020 жылдың маусым айында қаланың медициналық мекемелерінің жұмысын үйлестіру және коронавирус анықталған пациенттерді стационарларға біркелкі бөлу үшін құрылған.

"Өткен тәулікте 347 адам ауруханаға жатқызылды. Көріп отырғанымыздай, жағдай мәз емес. Оған қоса коронавирусы бар амбулаториялық науқастар саны да артты. Егер өткен аптада коронавируспен ауыратын 10 мыңнан астам адам үйде емделсе, бүгінде бұл сан 12 мыңнан асып кетті ", - деді мамандар.

Мамандардың айтуынша, науқастар санының өсуіне байланысты жедел жәрдем, оның ішінде МСАК ұйымдарының жанындағы мобильді бригадаларға үлкен жүктеме түсуде.

"Қоңыраулар саны 3500-ге дейін жетеді. Коронавирусқа байланысты қоңыраулар тәулігіне 300-ге дейін жетті. КВИ белгілері бар пациенттердің көпшілігі (90% - дан астамы) екпе алмаған науқастар және медициналық көмекке кеш жүгінетіндер, өзін-өзі емдеумен айналысқандар. Бригадалар пациенттерге келгенде, олардың бірінің сөйлеуге әлі келмей, кейбірі әрең дем алып жатады. Стационарға барар жолда олар нашарлай бастайды, біз қолдан келгенді жасаймыз", - дейді ЖМК бригадасының фельдшері Азамат Әлкенов.

Мамандардың айтуынша, көбіне салтанатты іс-шараларға қатысқан және медициналық маскалар тағу талаптарын елемеген азаматтар жедел жәрдем қызметін жиі шақырады.

Еске сала кетейік, елорда әкімінің тапсырмасы бойынша мобильді бригадалар саны екі есеге артты. Бұл жедел жәрдемнің, қаланың медициналық мекемелерінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге көмектеседі.

Тек вакцинация сіздің және жақын адамдарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109