2663

Елордаға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына отандық вакцинаның 10 мың дозасы жеткізілді.

Қазақстандық QazVac вакцинасы бірінші компонентінің 5 мың дозасы, екіншісінің 5 000 дозасы қалалық емханаларға, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне бөлінді.

Сондай-ақ отандық препаратты «Медикер Астана» ЖШС, «Медикер педиатрия», «отбасылық дәрігерлер клиникасы», UMC корпоративтік қоры орындарынан алуға болады.

«Жергілікті вакцина біраздан бері болған жоқ. Жұрттың бір бөлігі бұл вакцинаның түсуін күтіп жүрді, енді ол қолымызға түсті. Айта кетейік, вакциналар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СК-Фармациямен бірлескен бұйрығы мен кестесіне сәйкес таратылады. 10 мың доза тізім бойынша қолда бар вакцинациялау пункттеріне үлестіріледі. Бүгін-ертең егу пункттеріне жеткізілуі тиіс», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма екінші компонентті алуда қиындық болдырмас үшін азаматтардан мүмкіндігінше бір жерден алуды, яғни екі компонентті де вакцинацияның бір пунктінде алуды сұрайды.

«Бірінші компонентті бір пункттен, екіншісін мүлдем басқа пунктен алуға келгендер болды. Біз қала тұрғындарынан тиісті уақытты сақтай отырып, бір пунктте вакцина алуды сұраймыз», - деп толықтырды басқарма.
Қазіргі уақытта елордада вакцинаның екі түрі бар: ресейлік «Спутник» және қазақстандық «QazVac».

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109