5722

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері мекемелер мен басқа да кәсіпкерлік нысандар қалай жұмыс істейді?

Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес, күн сайын коронавирус жұқтырған 1300-ден астам науқас тіркеледі. Осыған байланысты карантиндік шектеулер күшейтілді. Демалыс күндері қаланың бірқатар кәсіпкерлік нысандары жұмыс істемейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық санитарлық дәрігердің қоғамдық тамақтану орындарында карантин шараларын қатаңдату туралы қаулысына сәйкес, бірқатар кәсіпкерлік нысаны қысқартылған жұмыс режиміне көшті.

Сенбі және жексенбі күндері елорданың қоғамдық тамақтану орындары келушілерді қабылдамайды. Ал тапсырысты жеткізу және өзімен бірге алып кету штаттық режимде жүзеге асырылады.

Мейрамханалар, кафелер, кофеханалар орналасқан жеріне қарамастан, соның ішінде ашық ауада дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 7-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл ретте «Ashyq» жобасы аясында жұмыс істейтін мекемелерге дүйсенбі-жұма күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленді, ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі және жексенбі күндері елордалық СОО және т.б. жұмысына тыйым салынған.

Елордада сұлулық салондары, шаштараздар, «барбер шоп» дүйсенбі-жұма күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Олардың сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл жағдайда келушілерді қабылдау қатаң түрде алдын-ала жазылу арқылы жүргізілуі тиіс.

Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтарына, спорт нысандарына, бассейндерге, сауналарға, СПА-орталықтарына сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған, ал дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істей алады.

«Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмысын ұйымдастыру барысында күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шаралар сақталуы тиіс. Караоке дүйсенбі-жұма күндері сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Айта кету керек, карантинді қатаңдату – елордадағы эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус инфекциясының өсуіне байланысты мәжбүрлі шара.

Қаулы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес қабылданды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109