1483

Елорданың қоғамдық көліктерінде маска режимінің сақталуы тексерілді

Елордада КВИ індетінің өсуіне байланысты қоғамдық көлікте маска режимінің сақталу барысы тексерілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

CTS көлік компаниясының мамандары автобустарға кіріп, жолаушылардың бетперде режимінің сақталу-сақталмауын қадағалады. Тексерушілер маскасын шешіп отырғандарға және оны дұрыс тақпағандарға ескерту жасап, елордадағы эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус ауруының өсуіне байланысты маска режимін сақтауды сұрады. 

«Қазір рейдке жиі шығамыз. Өздеріңіз білесіздер, карантинге байланысты қоғамдық көлікке кірген жолаушылар міндетті түрде бетперде ережесін сақтауы керек. Бірақ кейбір жолаушылар маска тақпай кіреді. Сол себепті автобуста жүрген кезде «бетперде тағыңыздар» деп ескертеміз. Қазір маскаға қатысты жай ғана ескерту жасап жүрміз. Айыппұл салынып жатқан жоқ. Жолаушылардың тең жартысы бетперде тақса, жартысы маскасыз немесе дұрыс тақпай отырады. Ал бізді көре сала жылдам тағып ала қояды. Қазір қоғамдық көлікте дезинфекция жүргізіліп тұрады. Дегенмен маска тағу ауру жұқтыру қаупін азайтады. Адам көп жиналатын жерде барынша қауіпсіздік сақтаған абзал», – деді CTS компаниясы көлік бақылау департаментінің менеджері Алтынай Әлішбекова.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын қалада КВИ ауруын жұқтырған 1300-ден астам науқас анықталады. Аурудың орташа және ауыр ағымы бар 300-ге жуық пациент инфекциялық стационарларға түсуде. Осыған байланысты мамандар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына арақашықтық сақтап, бетперде тағу ережесін қатаң сақтауды сұрайды.

Айта кету керек, инфекцияның өсуін тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі – екпе егу арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Ол үшін вакцинаны тұрғындардың 60%-дан астамы алуы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109