1515

Елордада карантинге қарамастан Қыз ұзату, мерейтой мен туған күндер өткізген

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, күн сайын қаланың 100 -ден астам кәсіпкерлік нысандары арасында карантин шектеулерін бұзғандарды анықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен, 31 шілдеде мониторингтік топтар 30 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданында «Альнур», «Нурхолл» тойханаларында, «Ереймен» мейрамханасында, «Мята» сауна, лаундж барында және «КишМиш» кафесінде карантин талаптарының бұзылғаны анықталды.

Байқоңыр ауданында «respawn» компьютерлік клубы мен «Хюррем» кафесі карантин мен маска режимін елемей жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданында 8 мекеме елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзып жұмыс істеді. Ол «Астау», «Кунжут», «Арна», «Счастье», «El Plaza», «Центр плова» мейрамханалары, «Espresso» кофеханасы және «Градус» сыра дүкені.

Есіл ауданында 14 мекеме карантин шектеулерін бұзды. Ол "Shatush" ресторан кешені, Тұран 7а даңғылындағы елордалық мәдениет және демалыс паркі. "Оазис" жағажай клубы, "Aura Club" түнгі клубы, "Maestro" караоке бары, "Ailand Astana" ЖШС, "Lavash", "Carreta" тез тамақтану мейрамханалар желісі, "Эдельвейс", "Теньговка" монша кешендері, "Какие люди" ресто-бары және "Tequila", "Панаехали" және "Chechil pub" барлары. Кей мекемелерде көп адамдардың жиналуымен Қыз ұзату, мерейтойлар мен туған күндер өткізілген.

Айта кетейік, барлық жағдайлар бойынша әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тиісті органға рапорт жолданды. 

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша әлі де "қызыл" аймақта. Күн сайын КВИ инфекциясының 1300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік объектілері коронавирус дертінің одан әрі таралуын болдырмау үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109