1473

Іс-шара кезінде тікелей эфир өткізді — Нұр-Сұлтанда карантин бұзушылар жауапқа тартылды

Елордада демалыс күндері қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс істеуіне тыйым салынады. Алайда кейбір кафелер мен мейрамханалар бұл шектеулерді елемей отыр. Карантин талаптарын бұза отырып, есігін жауып алып жұмыс істейді. Ал келушілер тіпті осындай «жиындардан» тікелей эфир жүргізеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 1 тамызда тәртіп сақшылары Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан «Какие люди» ресто-барын анықтады, ол сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынғанына қарамастан келушілерді қабылдаған. Тексеру барысында мониторинг тобы ақпаратты растады.
Лаундж-бардың ішінде жұртшылық караокемен ән айтып, көңіл көтерген, сол сияқты әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимі сақталмаған әрі сауық кештен әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізілген.

Мекеме иесіне қатысты жиналған материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.
Мониторингтік топтар күн сайын кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзылғанын анықтайтынын атап өткен жөн. Демалыс күндері олардың саны артып кетеді. Қала тұрғындары карантиндік шектеулерге қарамастан ойын-сауық мекемелеріне барудан бас тартпайды.

Мобильді топтар демалыс күндері 155 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 40 нысанда карантин бұзылғанын анықтады.

Карантинді қатайтуға және бірқатар нысанның жұмысын шектеуге эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы мен коронавирус ауруының өсуі себеп болып отыр. Азаматтар тек өзінің ғана емес, өзгелердің де денсаулығын ойлауы қажет. Жұрт бұқаралық, салтанатты іс-шараларға, туған күндерге, сол сияқты адам көп жиналатын орындарға бармауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109