1637

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланбаған қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне шектеу қойылады

Елордада 2 тамыздан бастап жаңа карантиндік шектеулер күшіне енді. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бірқатар ұйым мен нысанның COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлерінің (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде КВИ-мен ауырғандарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмыс істеуіне шектеу қойылады.

Олардың ішінде: Халыққа қызмет көрсету нысандары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өндірістік нысандар, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда, мәдениет және демалыс нысандары, қонақ үйлер, әуежайлар, вокзалдар, білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, денсаулық сақтау, санаторийлер, көңіл көтеру орындары, дәріханалар және т.б.

Бұдан бөлек мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ы қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылуы тиіс. Соңғы 3 ай ішінде вакцинацияланған және ауырып жазылған адамдар үшін бұл талап қолданылмайды.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде қызметкерлерді бірінші компонентпен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде – COVID-19 вакцинасының екінші компонентімен (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 инфекциясымен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) иммундау жүргізуді ұйымдастыру керек.

Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысының хаттамасына сәйкес қабылданды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109