2635

«Əкемнен айырылғанға дейін коронавирусқа сенген жоқпыз» — марқұмның балалары отбасы мүшесінің санаулы күнде қалай көз жұмғанын айтты

Бір апта бұрын Нұр-Сұлтанда Сыздықовтар жанұясы отағасынан айырылды. Ер адам тыныс алу жеткіліксіздігінен, өкпе ісінуімен коронавирустан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Отбасы бұл вирусқа дер кезінде назар аудармағанына өкінеді.

«Бәрі кенеттен болды. Алдымен анам ауырып қалды, содан кейін марқұм әкем. Оның денсаулығы 2 күн ішінде күрт нашарлап кетті. Екеуі бірден КВИ ауруханасына жатқызылды», — дейді Гүлжан Сыздықова.

Марқұмның жақындарының айтуынша, оның коронавирустан бөлек еш жері ауырмаған, яғни денсаулығында кінәрат болмаған.

«Біз оларды қолымыздан келгенше қорғадық. Бірақ оқшауланудан шаршап, қыдыра бастады, достарымен, туыстарымен көрісті. Біз оларға қанша рет абай болыңдар, барлық карантин шараларын сақтаңдар деп ескерттік. Әлі күнге дейін әкеміздің өмірін осы инфекция жалмағанына сене алар емеспіз. Біз қазақстандықтарға вирус бар екенін және оның аса қауіпті екенін жеткізгіміз келеді. Мұндай қайғыны ешкімнің басына бермесін», — дейді марқұмның балалары.

Коронавирус ер адамның өкпе органын ә дегеннен 36%-ға қабындырған. Содан кейін тыныс алу жетіспеушілігі пайда болып, өкпе ісінуімен реанимацияға жеткізілді.

«Біз бәрі қалпына келіп, жазылып кетеді деп ойладық. Бірақ екі апталық күрестен кейін дәрігерлер бізге қайғылы жаңалықты жеткізді — жүрегі шыдамай қайтыс болды. Ковидтің кесірінен біз онымен дұрыстап қоштасып, денесін үйге әкеле де алмадық. Бұл инфекция болғандықтан, оны мәйітханадан бірден зиратқа алып кетті», — деді марқұмның балалары.

Дәрігерлер тек вакцинация сіздің жəне жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік беретінін еске салады. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ғана пандемияны жеңуге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109