1158

Маска тақпайды, тиісті режимді сақтамайды: Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде 9 мекемеде карантин бұзылғаны анықталды

Өткен тәулікте, яғни 2 тамыз күні елорданың мониторингтік топтары қаланың 200 кәсіпкерлік нысанында карантин режимінің сақталуын тексерді. Тәртіп бұзушылар тізіміне 9 ойын-сауық орны енді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Тәртіп бұзушылар тізіміне кіретін мекемелерде әдетте, маска режимі, әлеуметтік қашықтық, жұмыс режимі сақталмайды және жұрттың жаппай жиналуына жол береді.

Есіл ауданының мониторингтік топтары 2 тамыз күні «Inforno» ресто-барында, «Opus One» кафесінде, «Жигули бар» гриль-барында, Е435 көшесіндегі кафе-барда, «Панаехали» барында карантин бұзылғанын анықтады.
Шектеу шараларын сақтамағандар қатарында Байқоңыр ауданында орналасқан «BIG Шанхай» базары, «Фанат» компьютерлік клубы, «Панаехали», «Barrus» барлары бар.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, күн сайын қалада КВИ жұқтырудың 1200-ге жуық жағдайы анықталады, коронавирустың орташа және ауыр ағымы бар 300-ге жуық адам аурухана төсектеріне түседі. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтауы, адам көп жиналатын орындардан аулақ болуы тиіс. Шектеу шараларына тиісті деңгейде көңіл бөлмеу індеттің үдеуіне әкелуі мүмкін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109