1348

Нұр-Сұлтанда халық санағының негізгі кезеңіне дайындық басталды

Нұр-Сұлтанда халық санағының дайындық кезеңі аяқталды, оның аясында интервьюерлер тұрғындар санын белгілеу, сондай-ақ мекен-жай деректерін редакциялау мақсатында тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды аралап шықты. Планшет құрылғыларына жиналған барлық ақпарат «Аудандастыру» автоматтандырылған жүйесіне берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, қазір санақтың дайындық кезеңінің деректері негізінде халық санағын өткізудің негізгі кезеңі үшін алдын ала есептеу мен есеп және нұсқау учаскелерін қалыптастыру жүргізіліп жатыр.

Есептеу және нұсқау беру учаскелері бір интервьюер - есептегішке 833 адамның жүктемесін ескере отырып, алдымен қала картасында қалыптастырылады, содан кейін ақпараттық жүйеге және планшеттік құрылғыларға көшіріледі. Бұл барлық респонденттерге санақ парақтары бойынша электрондық түрде сауалнама жүргізуге мүмкіндік береді.

«Интервьюерлердің электрондық планшеттерді пайдалануы санақ қызметкерлерінің еңбек шығындарын азайтуға, адам факторының деректер сапасына әсерін азайтуға, ЖСН қолдана отырып, халық санағы деректерінің шынайылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңсе заттарын едәуір үнемдеуге септесіп, сондай - ақ деректерді жинау кезінде интервьюерлердің жылдам жұмыс істеуіне мүмкіндік береді», - делінген ведомство хабарламасында.

Нысандарды аралау және онда тұратын халыққа сауалнама жүргізу 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында жүзеге асырылады. Айта кету керек, заманауи цифрлық технологияларды енгізу және процесті автоматтандыру алғаш рет халыққа санақтан өтудің басқа нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді. Азаматтар орналасқан жеріне қарамастан мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнамадан өте алады, өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын дербес толтыру қажет. Сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109