1499

«Ashyq» жобасына қатысушылар саны 10 566 нысанға дейін артты

Елордада «Ashyq» жобасы белсенді түрде енгізілуде. Бүгінгі таңда оған 10 566 кәсіпкерлік субъектісі қатысады. Бұл туралы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты

Қазіргі уақытта «Ashyq» жүйесі бойынша 140 фитнес-клуб, 117 спа-орталық, 21 бассейн, 3 боулинг-клуб, 71 компьютерлік клуб, 56 сауна, 1489 қоғамдық тамақтану ұйымы, 13 кинотеатр, 11 театр және концерттік ұйым, 10 бильярд клубы, 6 көрме орталығы, галереялар, 30 лотоклуб, 3649 жобаның ерікті қатысушылары, 105 қонақүй мен қонақ үй, 16 балалар ойын-сауық орталығы, 2363 сауда үйі, СОО, базарлар мен қоймалар, қызмет көрсету саласында 771 мекеме жұмыс істейді.

«Ashyq» көшбасшылары» тізіміне 108 нысан енді.

Қуанышбек Мұқаш өз сөзінде «Ashyq» жобасына қатысу тегін екенін айтты. Ол жүйеге тіркелу кезінде деректерді тексеруге шақырды.

«Әлеуметтік желілерде белгілі бір сомаға рәсімдеу туралы жарнама және ақпарат таратылды. Бұл өз кезегінде жалған түсінік қалыптастырады және кейбір кәсіпкерлер «Ashyq» жобасына қатысу ақылы деп ойлайды. Ал іс жүзінде олай емес. Тіркеуді InfoKazakhstan платформасында жүргізуге болады, бұл тегін. Алдымен «Маңызды ақпарат» бөлімімен танысу керек, одан әрі «Ashyq», онда барлық сұрақтар мен нұсқаулар бар», - деді Қуанышбек Мұқаш.

Спикер жақын арада QR кодты өшіру бойынша функционалдың, яғни кәсіпкерге оның QR коды бойынша жүргізілген фиксациялар санын көруге мүмкіндік беретін функцияның пайда болатынын хабарлады. Бұл «Ashyq» көшбасшысы мәртебесін бекіту және беру үшін жасалады.

Естеріңізге сала кетейік, жобаға қатысушылар барлық санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Карантин шектеулерін бұзған жағдайда олар тізімнен шығарылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109