1632

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 15 тамызға дейін қай ұйымдар алуы керек

Қазіргі уақытта елордада КВИ вакцинасының бірінші компонентін 348 мыңнан астам адам алды, ал 261 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті. Пандемиямен күресте вакцинацияның маңыздылығын елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова онлайн-брифингте айтып өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың бас санитарлық дәрігері 15 тамызға дейін жұмыс берушілер өз қызметкерлерін КВИ вакцинасының бірінші компонентін, ал осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін екінші компонентін алып, иммундаудан өткізуі керектігін еске салды. Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-бен ауырып жазылғандардың екпе алмауына болады. Бұл халыққа қызмет көрсету нысандары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өндіріс, құрылыс нысандары, көтерме және бөлшек сауда, мәдениет және демалыс, жолаушылар тасымалдайтын ұйымдар, қоғамдық тамақтану нысандары, санаторий-курорттық және сауықтыру орындары, денсаулық сақтау, бос уақытты өткізу және т.б. мекемелер қызметкерлеріне қатысты.

«Тағы да еске салғым келеді. Вакцинация қазір коронавирустан қорғанудың ең тиімді әдісі болып қала береді. Уақытылы екпе алу арқылы аурудың алдын алуға және ең бастысы оның салдарын болдырмауға көмектеседі. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тәулігіне орташа есеппен 5000-6000 адамға екпе жасалады», - деді Сархат Бейсенова.

Биыл 4 тамыздағы жағдай бойынша елордада 348 113 адам вакцинаның бірінші компонентін, 261 309 адам екінші компонентін алды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елордада «Mega Silk Way», «Хан Шатыр», «Керуен», «Абу Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа», «Еуразия» СОО-лар жанында 100-ге жуық екпе кабинеті жұмыс істеп тұр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109