1556

Елордалық жас гимнастшылар халықаралық турнирде топ жарды

Әзірбайжан астанасы Бакуде «GumKids» кіші жастағы гимнастшылар арасында онлайн халықаралық турнирі өтті. Онлайн турнирге Қазақстан, Франция, Әзербайжан және Түркия елдерінен 100 ден аса спортшы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байрақты бәсекеге елордадан 13 жас гимнастшы аттанды.

Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар топ жарып, жүлделі орындардан көрінді. Динара Ерғалиева жаттықтыратын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері жалпы есепте жетеуі бірінші орын, төртеуі екінші орын, екеуі үшінші орын иеленді.

Жаттықтырушылары қыздардың өнерін ерекше бағалап, жарыста жоғары нәтиже көрсеткендерін атап өтті.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Әр спортшы үшін жарыс үздіксіз жаттығу нәтижесін көрсететін кезең. Қыздарымыз үшін бұл бірінші жарыс болды. Дегенмен барлығы жақсы деңгейде өнер көрсетіп, жүлдегер атанды», — деді Динара Ерғалиева.

Спорт мектебіне былтыр қабылданған жеті жастағы Альфия Ибраева өзінің алғашқы бәсекесінен алған әсерін жасырмады.

«Бұл менің алғашқы жарысым. Барлығын жаттықтырушым үйреткендей жасадым. Орын алғаным үшін өте қуаныштымын», — деді Халықаралық турнирдің екінші орын иегері Альфия Ибраева.

Жас гимнастшыларымыздың Халықаралық додадағы нәтижелері:

  • Ляйсан Ғали 2013 ж, С санаты (Затсыз) — бірінші орын;
  • Айшабегім Құрманбек 2014 ж, А санаты (Затсыз және доппен) — бірінші орын;
  • Айдария Кұдайберген 2013 ж, С санаты (Затсыз және доппен) — бірінші орын;
  • Айша Ерланқызы 2014 ж, Б санаты (Затсыз) — бірінші орын;
  • Аружан Базарбек 2014 ж, Б санаты (Затсыз) — бірінші орын;
  • Талшын Махамбет 2014 ж, С санаты (Затсыз) — бірінші орын;
  • Әнел Рақымжанова 2013 ж, С санаты (Затсыз) — бірінші орын;
  • Альфия Ибраева 2013 ж, С санаты (Затсыз) — екінші орын;
  • Дария Ізтілеу 2013 ж, А санаты (Затсыз және доппен) — екінші орын;
  • Сабина Ерлан 2013 ж, С санаты (Затсыз және доппен) — екінші орын;
  • Айна Шаңбай 2014 ж, А санаты (Затсыз және доппен) — екінші орын;
  • Жәнел Кенженова 2013 ж , А санаты (Затсыз және доппен) — үшінші орын;
  • Інжу Гауһартас 2014 ж,  Б санаты (Затсыз) — үшінші орын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109