1479

Нұр-Сұлтанда алдағы оқу жылына дайындық талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында оқу орындарының ректорларымен алдағы оқу жылына дайындық барысын талқылағанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бір айдан соң оқушылар мен студенттер үшін жаңа оқу жылы басталады. Оқу орындарын оффлайн форматта қайта ашу үшін қалада ауқымды вакцинация жүргізіліп жатыр. Вакцинация өз денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жандардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Ұжымдық иммунитетті дер кезінде қалыптастыра отырып, қалыпты өмірге орала аламыз.

Университет ректорларымен эпиджағдайды ескере отырып, жаңа оқу жылына дайындық талқыланды. 11 (қалада барлығы 17) жоғары оқу орнында «Ashyq» жобасы орнатылған, ол оқытушылар мен студенттерді қауіптен қорғауға мүмкіндік береді. Қалған университеттер де «Ashyq» жобасына қосылуы керек. Сонымен қатар, оқу орындарын санитайзерлермен жабдықтау, медициналық пунктердің жұмысын күшейту, студенттер ағынын үйлестіруді ұйымдастыру және т.б. қажет.

Оқытушылар мен студенттер (18 жастан асқан) екпе алуы тиіс. Ұжымдық иммунитет қалыптаспай, коронавирустың таралу ошақтары пайда болса қашықтан оқытуға қайта көшуге мәжбүр боламыз.
COVID-19 статистиканың артында әрбір адамның өмірі тұрғанын түсінген жөн! Екпе алып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!» - деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109