1535

Елордалық 11 мекеме карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді, күн сайын қаладағы 100-ден астам кәсіпкерлік нысаны арасында карантин талаптарын бұзғандарды анықтайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

5 тамызда мониторингтік топтар 11 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданында "Пражечка" гриль-бары, "Rezident spa" спа орталығы және "Comeback" ойын клубы карантин режимін бұза отырып жұмыс істеді.

Дәл осындай бұзушылықтар Байқоңыр ауданындағы "Fakir" кафесі мен "Правый" лаундж-барында да болды.

Сарыарқа ауданында "Көктал Парк" кафесі мен "Cofee Boom" 2 кофеханасы мониторингтік топтардың тексерісінен өткен жоқ. Мекемелерде карантин және бетперде режимі сақталмаған.

Есіл ауданының "Мята Lounge" қызметін көрсету орнында, "Alif" кафесінде және "Chechil Pub" барында жұмыс режимін бұзу, жазғы орындардың жұмыс істеуі, келушілер мен әкімшіліктің маска режимін бұзуы, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы анықталды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, тәулік сайын қалада КВИ жұқтырудың 1300-ден астам жағдайы анықталып, коронавирустың орташа және ауыр ағымы бар 300-ге жуық адам ауруханаға жатқызылуда. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтауы, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуы тиіс. Шектеу шараларын елемеу аурудың өршуіне алып келуі мүмкін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109