1845

ҮЕҰ өкілдері азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды

Әлемге қауіп тудырып отырған коронавирус пандемиясы екінші жыл басылар емес. Инфекцияның таралуын тоқтатудың, адам денсаулығын сақтаудың және қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы – вакцинация. Елорданың қоғам, мәдениет қайраткерлері, спортшылар, дәрігерлер, белсенді жастар, еріктілер және өзге де азаматтар КВИ-ға қарсы иммундауды қолдайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі – вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Елорданың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина екпенің қарсыластары айтқандай қорқынышты емес екенін тәжірибе жүзінде көрсетті, сондай-ақ жұртты өз денсаулығын және өзгелерді қауіптен сақтау үшін екпе алуға шақырды.

«Қазір елімізге де, әлемге де пандемия қиындық тудырып отыр. Науқастар өте көп. Жұртты вакцинациядан өтуге шақырамын. Өзім екпенің екі компонентін де алдым. Ешқандай қиындық болған жоқ. Індетті осылай ғана жеңеміз деп ойлаймын», - деп атап өтті «Отбасы табысы орталығы» қоғамдық қорының директоры Роза Бекишева.

«Мама ПРО» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қорының құрылтайшысы Әсия Тикеева да коронавирусқа қарсы екпе алды, вакцина ауыртпалықсыз өткенін және одан қорқудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

«Вакцинаның екі компонентін де алдым. Ауырсыну да, жанама әсері де болған жоқ. Осы іспен айналысатын дәрігерлерге алғысымды білдіргім келеді, себебі әрбір пациентке үлкен көңіл бөлінеді. Еліміздің барлық тұрғынын вакцинациядан өтуге шақырамыз. Біз карантинге дейінгі өмірге оралуымыз керек», - деді ол қала тұрғындарына.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның пайдасы жайлы жүздеген ғылыми мақала жазылып, түрлі анализдер жүргізілді. Елорда тұрғындарына арналған қолжетімді вакцина өз тиімділігін дәлелдеп, зерттеудің барлық кезеңінен өтті.

«Құрметті қазақстандықтар, біз, үкіметтік емес ұйым өкілдеріміз. Өзіңізді, туған-туыстарыңызды және жақындарыңызды қорғауға шақырамыз. Тек ұжымдық иммундау ғана қоғам денсаулығын қорғауға көмектеседі», - деп атап өтті әлеуметтік кәсіпкер Роза Қарабекова.

Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтанда КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 354 мыңға жуық адам алды, 270 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109