1908

Нұр-Сұлтанда 7 тамызда вакцинацияланғандар арасында бес iPhone 12 және басқа да бағалы сыйлықтардың кезекті ұтыс ойыны өтеді

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады. Тағы бес iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың бесінші ұтыс ойыны 7 тамызда (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік парақшаларында (Facebook, YouTube) тікелей эфирде өтеді. 5-ші ұтыс ойынына екпе алғандар 31 шілде мен 6 тамыз аралығында (қоса алғанда) қатысады. Ұтыс ойындарына вакцинацияның барлық пунктері қатысады: медициналық мекемелер, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүзеге асады, азаматтарға құжаттарды толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.  

Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын апта сайын өткізеді. 

Осы апталық ұтыс ойынынан басқа, 28 шілде мен 6 тамыз аралығында (қоса алғанда) екпе алғандар арасында үш iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына "Абу Даби Плаза", "Керуен", "Сарыарқа" сауда кешендерінде және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцинацияланған адамдар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді. 

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Екпе алғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Айта кетейік, елордада азаматтарды екпе алуға ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтар ойнатылады. 

Вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның 1-ші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына екпенің барлық пунктері қатысады: медициналық мекемелерде, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ "MEGA Silk Way" СОО вакцинация пунктінде 1-ші компонентпен вакцинацияланғандар арасында автомобильдің ұтыс ойыны жарияланды.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өзінің және жақындарының денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат - ұжымдық иммунитетті дамыту және бұрынғы карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60% - дан асуы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109