2154

Нұр-Сұлтанда биыл 40 мыңнан астам оқушы орны ашылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл 15 мектеп салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бала мектепте тұлға ретінде қалыптасады. Балалардың болашағы бүгінгі алған білімі мен тәрбиесіне байланысты. Біздің міндетіміз — білім беру сапасын арттырып, жағдай жасау. Бүгін бірқатар мектептің, соның ішінде жекеменшік және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша салынып жатқан мектептердің құрылыс барысымен таныстым. 

Мысалы, «Zam-Zam» және «De Luxe» (Есіл ауданы) сияқты оқу орындарының жобалық қуаты 4 мың оқушыны құрайды (екі ауысымда). Мектептер жеке қаражат есебінен салынуда. 2019-2020 жылдары 30 жеке меншік оқу орнының құрылысы қолдау тапты. Олардың бір бөлігін биыл пайдалануға береміз. 

Сонымен қатар, алдағы жылдарға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, себебі елордада мұғалімдер мен оқушыларға жағдай жасау үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салу қажет. 

Оқу орындары елорданың барлық ауданында салынуда. Бірінші кезекте қажеттілікке қараймыз: халық тығыз орналасқан аудандарға, жаңа құрылыс аудандарына және т.б. Биыл 15 мектеп саламыз. Осылайша 40 мыңнан астам оқушы орны құрылады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, ал 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе көп», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109