1927

Жұмыс тәртібі сақталмайды: Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 14 ойын-сауық орны карантин талаптарын бұзды

Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік нысандарының карантинді сақтамауын анықтау және жолын кесу жұмысын жалғастыруда. Күн сайын олар 100-ден астам мекемені тексеріп, шектеу шаралары ондаған мекемеде бұзылғанын анықтайды. Тәртіп бұзушылар тізіміне маска тағу режимі, әлеуметтік қашықтық, жұмыс тәртібі сақталмайтын қоғамдық тамақтану нысандары жиі ілігеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен жұма күні 6 тамызда карантин режимін бұзғаны үшін 14 кәсіпкерлік нысаны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Есіл ауданында белгіленген уақыттан кейін "ШашлыкоFF" гриль-бары, "Chechil pub" және "Totem" барлары, "Velluta" мейрамханасы, "Baoli" лаундж-бары келушілерді қабылдауды жалғастырды.

Сарыарқа ауданында "Маман" мейрамханасы, "Global cofee" кофеханасы, "Пинта" және "Astana Rock Cafe" барлары тиісті талаптарды сақтаған жоқ.

Алматы ауданында орналасқан "Белес" мейрамханасында, "Узбекский двор 8", "Киш Миш", "Лото клуб" кафелерінде жұмыс тәртібі сақталған жоқ.

Ал Байқоңыр ауданындағы "Barrus" түнгі клубы карантиндік шектеулерді елемей, жұмыс істеді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша бес айдан бері "қызыл" аймақта тұр. Коронавируспен ауыратындар санының өсуі жалғасуда, күн сайын 1200-1300-ге жуық науқас анықталады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары өз денсаулығын және өзгелерді сақтау үшін санитарлық нормаларды және шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109