2125

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында тағы бес iPhone 12 және басқа да бағалы сыйлықтар жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

Нұр-Сұлтанда екпе алғандар арасында апта сайын өтетін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны жалғасуда. Тағы бес iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың бесінші ұтыс ойыны 7 тамызда (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік парақшаларында (Facebook, YouTube) тікелей эфирде өтті. 5-ші ұтыс ойынына 28 шілде мен 6 тамыз (қоса алғанда) аралығында екпе алғандар қатысты. 

Бұл ұтыс ойындарына вакцинациялаудың барлық пункттері қатысады: медициналық мекемелер, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері де. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүзеге асады, азаматтарға құжаттарды толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын апта сайын өткізеді.

Осылайша, бесінші ұтыс ойынының жеңімпаздары: бес iPhone 12 - № 14674 - НАЗГҮЛ ТОЛҚЫНБЕКОВА, №1642 - МИРАС НӨГЕРБЕКОВ, №10104 -ҚУАНЫШ СҮЛЕЙМЕНОВ, №1055 - АҚМАРАЛ ҚАБСАБЫР, №10918 - ДАРХАН ЗУХУРНАЕВ.

"Технодом" дүкенінен кір жуғыш машинаны жеңіп алды: №691 - ИРИНА МАТВЕЕВА.

"Технодом" дүкенінен тоңазытқышты жеңіп алды: №6311 -АЯН КАБЕНОВА.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол вакцинацияланғандардың ID-ін генерациялау арқылы жүлдегерлерді таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Екпе алғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Сонымен қатар, екпе алғандар арасында 2 бөлмелі пәтер ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның 1-ші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункттері қатысады: медициналық мекемелер, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ MEGA «Silk Way» сауда ойын-сауы орталығындағы вакцинация пунктінде 1-ші компонентпен вакцинацияланғандар арасында автомобильдің ұтыс ойыны жарияланды.
Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өзінің, жақындарының денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені басты мақсат - ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, бұрынғы карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60% - дан асуы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109