1655

Дін вакцинаны қолдайды: Елордада дін қызметкерлері жұртшылықты екпе алуға шақырды

Нұр-Сұлтан қаласының дін қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын коронавирус індетіне қарсы вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Әлемге зиянын тигізіп жатқан індетке қарсы вакцина алу әуелі өзіміз үшін және отбасымыз, бала-шағамыз, ағайын-туысымыз, достарымыз, сол сияқты қоғам үшін қолға алатын мәселенің бірі. Дінімізде денсаулық, адам өмірі ең бірінші тұратын үлкен құндылықтың бірі. Бұл індетті тоқтату үшін вакцина алу жақсылық деп айтуға болады. Өзімізді және қоршаған ортаны, қоғамымызды осы бір індеттен қорғаудың жалғыз тиімді жолы – екпе. Дегенмен ешкімді зорламайтынын да еске салып өтейік. Дінімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ екені айтылған. Бұл – әркімнің өз қалауы. Өз басыма келсек, вакцина денсаулығым үшін алдым. Одан ауырып қалу, қандай да бір қиындық сезілген жоқ. Бәрі жеңіл күйде өтті», - дейді Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов.

COVID-19 індетінен қорғанудың жалғыз жолы – вакцина алу арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту, осылайша карантинге дейінгі қалыпты өмірге оралу маңызды. Ал ұжымдық иммунитетті дамыту үшін қала тұрғындарының 60 пайызы екпе алуы қажет.

«Биыл мамыр айында вакцинаның екінші компонентін алып, толық иммундаудан өттім. Өз еркіммен алдым. Екпе қоғам денсаулығы үшін маңызды іс деп ойлаймын. Бұл пандемия, яғни коронавирус індеті бүкіл әлемге, әрбір салаға зиянын тигізіп отыр. Бізде осы бір қиындықтан шығатын, пандемияны жеңетін мүмкіндік бар. Сол себепті вакцина алу қажет деп есептеймін. Әлемнің түрлі елдерінде індетке қарсы вакцина әзірленді. Ал екпеге күмән келтіретіндерге айтарым, діни көзқарас вакцинаға ешқашан қарсы емес және қарсы болуы да мүмкін емес. Мұндай жағдайда күмән тудыруға жол жоқ. Коронавирус індетіне қарсы тұруда вакцина ағзамызды қорғап тұрады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Успен кафедралды соборының аға діни қызметкері Дмитрий Байдек.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша бес айдан бері «қызыл» аймақта тұр. Коронавируспен ауыратындар санының өсуі тоқтар емес, күн сайын 1200-1300-ге жуық науқас анықталады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары өз денсаулығын және өзгелерді қорғауы үшін санитарлық нормаларды, шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109