3645

«Өкпе шыдай алмайды»: Елорданың реанимация меңгерушісі коронавирус ауруының себептерін атады

Елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының базасындағы жұқпалы аурулар госпиталінің реанимация меңгерушісі Павел Останин санитариялық талаптарды елемеу қандай жағдайға жеткізетіні және ковидтік стационарларда қанша төсек толғаны туралы шындықты жеткізді.

«Біреу үйінде өмірінің соңына дейін жатады, ал енді бірі «індеттен құтылып кетемін» деп ойлайды. Түптеп келгенде жағдай қандай болып жатыр?! 40 сатурациясымен, ес-түссіз жатады. Оны қалай емдеуге болады? Біз соңына дейін күресеміз, тырысамыз. Дәл қазір «жаңа» пациенттер де, біраздан бері ауырып жатқан науқастар да бар. Реанимацияда болудың орташа мерзімі бізде 21 күн. Оң нәтиже беретін максималды уақыт — 50 күн», — дейді дәрігер.

Тек осы ауруханадан бүгінге дейін 1000-нан астам науқас емделіп шықты. Емделіп шыққандар көбейгенмен медицина қызметкерлеріне артылар жүк азаймай отыр. Тиісінше пациенттер емделіп шыққанмен дәрігерлердің қуануға мүмкіндігі болмайды. Мұнда ең жас науқас 22 жаста. Дәрігер мұнда жатқан науқастар таза ауада, қиналмай дем алуды армандайтынын айрықша атап өтті.

«Басты проблема — жазда пациенттер көп. Бейтаныс адамдармен байланыс оинату, әлеуметтік тәртіптің жоқтығы айрықша әсер етеді. Жұрт өкпені жасанды желдеткішке жалғанбай тұрып, ешнәрсе әсер етпейді деп ойлайды. Сол сияқты вакцина адамды өлтіреді деп есептейтін антиваксерлер де қиналып жатыр. Ал ИВЛ аппаратта жатқанның бәрінің жағдайы бір. Антиваксерлер ауыр күйге түскеннен кейін ғана ақ пен қараның ара жігін ажыратып жатады. Өкпе шыдай алмай, «жыртылады» деп айтуға болады», — деп қосты дәрігер Павел Останин.

Сарапшылардың пікірінше, бұрын бұл ауру негізінен өкпенің зақымдалуымен ғана шектелсе, қазір пациенттер асқазан-ішек жолдарының, жүйке жүйесінің бұзылуынан зардап шегеді, бұл коронавирустың жаңа штаммы – «Дельтаға» тән.

Қазір 256 пациент реанимация бөлімшесінде, ӨЖЖ-де 43 адам жатыр. Вакцинация өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ғана қала карантинге дейінгі режимге орала алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109