1634

Он жылда достық қарым-қатынастар туралы меморандум аясында 60 астаналық студент Сеул қаласында сынақ ісінен өтті

2004 жылы Қазақстан мен Корея елдері астаналарының арасында достық туралы қарым-қатынастар туралы қол қойылған меморандум аясында 60 астаналық студент Сеул қаласында білім алды.

2004 жылы Қазақстан мен Корея елдері астаналарының арасында достық туралы қарым-қатынастар туралы қол қойылған меморандум аясында 60 астаналық студент Сеул қаласында білім алды. Бүгін Білім басқармасы Астана қаласының Политехникалық колледжінде Кореяда оқып келген және биыл оқуға баратын студенттермен кездесу ұйымдастырды.

Құжат бойынша елордалық колледждер мен ЖОО студенттері Сеул қаласында  автослесарь, жиһаз дизайнері, визажист, аспазшы, ішкі дизайн, автомобиль механикасы, аспаздық және бағдарламалау мамандықтары бойынша білім алады. Меморандумға қол қойылған уақыттан бері 60 адам кәсіби даярлықтан өтіп, сертификат алды.

«2004 жылы Астана қаласының әкімі және Сеул мэрі қол қойған ынтымақтастық туралы меморандум аясында елордалық студенттер Сеул қаласында сынақ ісінен өтеді. Осы жылдар ішінде көптеген студенттер оқып келді. Қазіргі уақытта олар алған білімдерін еліміздің түрлі салаларында қолданып, лайықты еңбек етіп жүр», - деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазыев.

Бүгін жыл сайынғы дәстүр бойынша өткізілген кездесу барысында Кореяда 10 ай оқып келген студенттер биыл баратын жастармен өздерінің әсерлерімен бөлісіп, кеңестерін берді.

Кореяда білім алуға кез-келген студент бармайды. Үстіміздегі жылы 5 адамнан құрылған комиссия «Бағдарламалау» (5 адам), «Автомобиль механикасы» (1 адам), «Тамақтануды ұйымдастыру» (1 адам) мамандықтары бойынша бағдарламаға қатысуға лайықты студенттерді таңдады. Іріктеу барысында ағылшын және корей тілдерін еркін меңгеруге және бұдан әрі таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу ниеттеріне баса назар аударылды.

2014 жылы аталған бағдарламаға Политехникалық колледжінің, Басқару колледжінің, Экономика, технология және тағам өнімдерін стандарттау колледжінің, Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің, сондай-ақ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері қатысты.

Айта кетейік, төрт жыл бойы Сеул қаласының мэрі әлемнің сегіз мемлекетінің ішінен нақ осы астаналық студенттердің командасын ерекше атап өтіп, оқудағы үздік көрсеткіштері үшін хрусталь кубокпен марапаттады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109