1394

Нұр-Сұлтанда қыркүйек айында вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

Биыл қыркүйек айында Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады! Елордада жылжымайтын мүлікті осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары ұтып ала алады. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пунктінде екпе алғандар қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі. Арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді.

Елорда әкімдігі вакцина алғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды жүлделердің ұтыс ойынын апта сайын өткізіп тұратынын еске саламыз. Мысалы, 9 шілдеден бастап вакцинацияланғандардың арасында iPhone 12 телефонының 13 данасы, сол сияқты төрт тоңазытқыш, үш теледидар, екі планшет, үш микротолқынды пеш, бес принтер, екі бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы және ауаны ылғалдандырғыш ойнатылды. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Вакцина алғандар арасында iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың кезекті алтыншы ұтыс ойыны 14 тамыз күні (сенбі) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

Сондай-ақ, «MEGA Silk Way» СОО-дағы вакцинация пунктінде 23 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинацияның бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.

Бұдан бөлек, екпе алғандар арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойыны өзге де СОО мен СҮ-лердегі вакцинация пункттерінде өтеді.

Birge (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық қатысты. Екпе алғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары қала тұрғындарын вакцинациялауға ынталандыру үшін өткізіледі. Вакцинация ғана өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жандардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді. Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109