1063

«Абай мұрасы – ұлы даланың рухани қазынасы»: Елордада ақынның 176 жылдығына орай конференция өтті

Елімізде 2020 жылдан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күні болып ресми бекітілген. Бүгін айтулы күнге орай елордада қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйытқы болуымен «Абай мұрасы – ұлы даланың рухани қазынасы» атты конференциясы өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Конференцияға қатысушы аға буын өкілдері жастарға Абай мұрасының халқымыздың рухани дамуының қайнар көзі екенін айтып, ұлағатты сөздерімен бөлісті. «Абай ақын жан-жағына жанашырлықпен қараған. Туысқандық, бауырмалдық, достық қарым-қатынастарды қадірлеген. Қазір бізге жетпейтіні осы. Біз адам бойындағы барлық қасиеттердің жақсысын тек Абайдан үйрене аламыз», - деді өз сөзінде қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы.

Жиын барысында Ш.Құдайбердіұлы атындағы №56 мектеп-лицейінің оқушылары, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы «Абай нұры» клубының мүшелері және «Оқушылар сарайынан» «Жас Абайтанушылар» клубының оқушылары ақын өлеңдерін оқып, өнерлерін ортаға салды.

Өз кезегінде №56 мектеп лицейінің 8-сынып оқушысы Әсем Асылбекова домбырада «Татьяна хатынан» жыр шашу орындады. Ал гиперреалист-мүсінші, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Айдос Әкімғали ақынға арнап жасаған мүсінін таныстырды.

«Абайдан сөз артылмаған деп жатамыз. Расымен, Абай қозғамаған тақырып жоқ. Адам бойындағы барлық қасиеттер, махаббат, ел мен жер, ғылым мен білім, береке-бірлік айта берсең көп. «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген халықпыз, ақын мұралары кішкентай бүлдіршіндер, оқушылар мен жастар арасында барынша насихатталып жатыр. Оның дәлелі міне, бүгінгі конференцияға жастарымыз да қатысып отыр», - деді «Сарыарқа» ауданының әкімі Есет Байкен.

Іс-шара барысында абайтанушы Алмахан Мұхамедқалиқызы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының Абайтану орталығына ғылыми-танымдық экскурсия жасады.

Онлайн форматта өткен жиынға «Үш байлық» қоғамдық қорының жетекшісі Оразгүл Асанғазы, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы, Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен, ҚР «Дарын» сыйлығының иегерлері – Ибрагим Ескендір, Бекзат Смағұл және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109