1134

Рейд: Құтқарушылар қала тұрғындарына су қоймалары мен судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және жедел-құтқару жасағымен бірлесіп шомылуға рұқсат етілмеген орындарда рейдтер өткізді. Қала тұрғындарына суға түсу қағидалары түсіндірілді және жабдықталмаған жерлерде шомылудың қауіптілігі туралы ескертілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Рейд кезінде демалушылармен судағы ережелерді сақтау, су қоймаларының жанында ішімдік ішуге тыйым салынатыны туралы айтылып, алдын алу жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 364, 412 және 440-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

«Суға түсіп, демалып жатқан азаматтарға жабдықталмаған орындарда шомылуға тыйым салынатыны және ішімдік ішпеу керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сол сияқты 2020 жылы және 2021 жылдың осы кезеңінде су айдындарында жазатайым оқиғалардың саны мен себептері туралы ақпарат жеткізілді, тиісті нұсқаулықтар көрсетілген жадынамалар табыс етілді», — деді елордалық ТЖД қызметкері Азамат Құсайынов.

Оның айтуынша, құтқарушылар полицейлермен бірге күн сайын Есіл өзенінің жағалауы мен су бетінде және басқа да су айдындарында патрульдер жүргізеді. Алдын алу жұмысына еріктілер мен қоғамдық қызметкерлер де көмектеседі, олар парақшалар таратып, жұртқа су маңындағы ережелерді түсіндіреді.

Құтқарушылар азаматтарды жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін судағы тәртіп пен қауіпсіздік шараларын білуге және міндетті түрде сақтауға шақырады.

Айта кету керек, рұқсат етілмеген жағажайлар шомылу үшін қауіпті, өйткені түбі тексерілмеген және айналасы дұрыс жабдықталмаған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109