15507

Жалпыға міндетті оқу: 2021 жылы 15 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланып отыр

Елордада 11 тамыздан бастап жыл сайынғы жалпыға бірдей міндетті орта білім беру бағдарламасы басталады. Оның аясында белгілі бір санаттағы оқушыларға мектеп киімін, аяқ киімін және керек-жарақтарын сатып алуға материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жалпыға міндетті оқу аясындағы көмек мына санаттағы оқушыларға көрсетіледі:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
- жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз, сол сияқты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
- жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тұратын балаларға;
- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
- білім беру ұйымының алқалы органы белгілейтін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жатады.

Көрсетілетін көмек мөлшері – 40 мың теңге. Өткен жылы бұл көмек 13 245 оқушыға көрсетілді, биыл 15 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланып отыр.

Осы жылдың басты өзгерісі – бұл көмек «Атамекен» ӨКП ұсынған «BMC Sales» цифрлы платформасы арқылы көрсетілетін болады. Онда жеке нөмірі көрсетілген арнайы карталар қолданылады.

Әлеуметтік бірліктердің қозғалысын жеке кабинет арқылы алушылар, әлеуметтік педагогтар, кәсіпкерлер және бағдарлама әкімшілері қадағалайды. Бұл қаражаттың ашықтығы мен орынды пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қатысушы компаниялар мен сауда орны саны артты.

Мәселен, былтыр бағдарламаға 16 компания және 27 сауда орны қатысса, биыл – 18 компания және 30 сауда орны.

Қазіргі уақытта мектептер балалардың мәліметтерін автоматтандырылған жүйеге енгізу жұмысын жүргізуде. Мәлімет статустың жаңартылуына және расталуына қарай енгізіледі.

Жалпыға міндетті оқу аясында көмек алуға өтініш беру үшін ата-аналар баласы оқитын мектепке жүгінуі қажет.

Өтінішті мектептің алқалы органы 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды.

Бағдарлама 11 тамыздан басталып, 31 қазанда аяқталады.

Сонымен қатар, елорда оқушыларына «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы аясында да көмек көрсетіледі. 2021 жылдың басынан бастап 3 648 оқушы көмек алды, барлығы 7 мыңға жуық баланы қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктер 2 100 балаға керек-жарақтары бар мектеп рюкзактарын табыстайды.
Акция аясында көмек алу үшін «Менің Атамекенім» порталының «Мектепке жол» парақшасына өтініш беру қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109