1038

Елордалық спортшы Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайды

Жапония астанасы Токиода 24 тамыз күні XVI жазғы Паралимпиада ойындары өз жалауын желбіретеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасынан 25 спортшы спорттың жеті түрінен сынға түседі. Төрт жылдықтың дүбірлі додасында елордалық спортшы Сиязбек Далиев жүзуден ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Сиязбек Далиев – жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылы өткен пара Азия ойындарының жеңімпазы және биылғы ашық Еуропа чемпионатының жеңімпазы.
Алдағы бәсеке – Сиязбектің спорттық карьерасындағы алғашқы Паралимпиада ойындары.

«Бұл мен үшін үлкен бақыт және жауапкершілік. Еліміз және елордамыз үшін мақтаныш сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Пара Азия ойындарында жеңіске жеткен сәтте мен үшін сол жылдың шешуші жыл болғанына сене алмадым. Содан бері аянбай тер төгіп келемін. Егер маған біреу 10 жыл бұрын ел намысын Паралимпиада ойындарында қорғайсың десе, сенбес едім», - деді өзінің жігері мен өмірге деген құштарлығымен талай адамға үлгі болып жүрген Сиязбек.

Сиязбек жарақат алып, қос қолын жоғалтқанға дейін түрлі спорт түрлерімен айналысқан. Солардың бірі – күрес. Спортшының айтуынша, оған бұл спорт түрі қатты ұнаған, жетістіктері де көп болған. Дегенмен спортшының өмірінде қиын күндер туып, жарақаты болашақ чемпионның өмірін күрт өзгертті.

«Өмірлік мақсаты жоқ жандарды көргенде жаным ашиды. Уақыт адамның басты құндылығы. Уақытты бос өткізуге болмайды. Әрқашан арманыңа сеніп алға ұмтылу керек», - деді пара жүзуші.

Сиязбек тек табысты спортшы ғана емес, бақытты отбасының отағасы, екі ұлдың әкесі.

«Арманым адамдарды жігерлендіріп қана қоймай еліміздегі Паралимпиада спортының дамуына өз үлесімді қосу. Біз Ұлттық Паралимпиада комитетінен, елорда әкімдігінен және спорт басқарамасынан жан-жақты қолдау көріп жүрміз. Пара спорттың дамуы үшін жыл сайын спортшыларға барлық жағдай жасалуда. Соңғы жылдары елордамызда пара спорттың деңгейі айтарлықтай өсті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт орталықтар мен арнайы залдар көптеп ашылуда. Қазіргі басты мақсатым – алдағы Паралимпиада ойындарында үздік үштік қатарына кіру. 2009 жылы Токиода жасөспірімдер арасында өткен Азияның параолимпиадалық ойындарынан екі күміс және екі қола жүлдемен оралған болатынмын. Араға он екі жыл салып, сол жетістігімді қайталаймын деген үміттемін», - деді спортшымыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109