1149

Жұмыс режимін сақтамайды: Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған 7 мекеме жауапкершілікке тартылды

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын олар 100-ден астам кәсіпкерлік нысанында карантин шектеулерінің сақталуын тексеріп, ондаған мекемеде саннормалардың бұзылғанын анықтайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, 10 тамызда елордада 7 кәсіпкерлік нысанда бұзушылықтар анықталды.

Есіл ауданында орналасқан «Chechil pub» барында жұмыс режимі сақталмаған. Сарыарқа ауданындағы «Шашлыкофф» дәмханасында да карантин бұзылды.

Алматы ауданында карантин шектеулерін бұзғандар тізіміне 5 мекеме енді: «Сұлтан MIX» кафесі, «Алас» саунасы, «ХЗ» бары, Әлиев көшесіндегі спа салон және «Какие люди» бары.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауырғандар санының өсуі жалғасуда, күн сайын КВИ жұқтырудың 1200 жаңа жағдайы тіркеледі. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау үшін саннормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109