1002

«Вакцина алған адам қоғамды қорғайды»: Елордада мобильді топ өкілдері екпенің маңызын түсіндірді

Әлемді дүрбелеңге салып отырған коронавирус індетін жеңудің ең тиімді әдісі – вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Өкінішке қарай екпенің тиімділігіне күмән келтіріп, ұжымдық иммунитетті дамытудан бас тартып отырғандар жоқ емес. Бүгін Нұр-Сұлтанда мобильді топ өкілдері қала тұрғындарына вакцинацияның маңызын түсіндірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала тұрғындарын вакцинациялау бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. Есіл ауданының мобильді тобы қазір түрлі мекемелерде тұрғындарға вакцинацияның қажеттігі жайлы түсіндіру жұмысын жүргізуде. Мобильді топтың құрамында дәрігерлер, әкімдік қызметкерлері бар. Өз кезегінде дәрігерлер қазіргі эпидемиологиялық жағдайдан хабардар етіп, вакцинацияның маңызын түсіндіреді. Ал біз өз тарапымыздан вакцинацияның маңыздылығы мен тиімділігі бойынша қадамдық нұсқаулық бар буклеттер үлестіреміз», - деді Есіл ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы Мұрат Шәмшиев.

Өткен тәулікте елордада 1100-ден астам адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Ұжымдық иммунитет дамыған жағдайда карантинге дейінгі қалыпты өмірге ораламыз. Ал ұжымдық иммунитетті дамыту үшін вакцинацияланғандар үлесі 60%-ды құрауы керек.

«Әрбір адам вакцина алғанда алдымен өзін қорғайды. Осылайша жанұясын, жұмысындағы әріптестерін, жалпылай алғанда қоғамды қорғайды. Әр адам – қоғам мүшесі. Сол себепті вакцинацияға саналы түрде мән беру керек», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы №9 емханасының эпидемиолог-дәрігері Майра Рыспаева.

«Бүгін бізге мобильді топ мүшелері келіп, вакцинацияның барысы, оның маңызы жайлы жан-жақты мәлімет берді. Екпені алғашқылардың бірі болып алдым десем де болады. Бірінші компонентін 10 наурызда алсам, екіншісін сәуір айының басында қабылдадым. Вакцинациядан өтуді бәріне кеңес етемін», - дейді қала тұрғыны Зүлфия Досымова.

Айта кету керек, бүгінде Елорданың барлық аудандарында еріктілер, мобильді топ өкілдері коронавирусқа қарсы вакцинацияның маңыздылығы мен тиімділігі, иммундауға қалай дайындалу керектігі туралы қадамдық нұсқаулық бар буклеттер тарату, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109