891

Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы: Балалар коронавируспен жиі ауыра бастады

COVID-19-бен сырқаттану балалар арасында да кездеседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Қазіргі уақытта оң нәтижесі бар 74 бала стационарлық ем қабылдап жатыр, соның ішінде 7 бала ауыр жағдайда палаталарда жатыр. Өткен тәулікте 12 бала ауруханаға түсті. Амбулаторлы түрде ем алып жатқандардың саны – 834 бала. Реанимация бөлімшесінде балалар жоқ. Жыл басынан бері КВИ-мен 10 мыңнан астам бала ауырып шықты, оның ішінде стационарлық және амбулаторлы пациенттер», – деді басқарма басшысы.

Тимур Мұратовтың айтуынша балалар арасында КВИ ауруының өсуі жаз айларында тіркелді. Осылайша, оларда улану, қалтырауға ұқсас белгілер кездесіп, жоғары температура байқалған, сонымен қатар катаральды белгілері де бар.

Мамандар КВИ-ға қарсы екпе алмаған туысқандары мен жақындары балалардың денсаулығына қауіп төндіретіндігін ерекше атап өтті.

«Балаларда жүйке жүйесі зақымдалуы мүмкін, өз кезегінде бұл ағзаға кері әсерін тигізеді. Арасында есеңгіреу хәлі де байқалады», - деді Т. Мұратов.

Балалардың ауырғанында өзіндік ерекшеліктер бар. Ведомство басшысы айтап өткендей, балаларда КВИ анықталғаннан кейін жағдай не күрт нашарлауы немесе ауру бәсеңдеуі мүмкін. Инкубациялық кезең ересектердегідей сияқты – 4-14 күнді құрайды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы COVID-19-дан өзін-өзі және айналасындағы жандарды қауіпсіздендіру үшін жұртты екпе алуға шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109