1216

Нұр-Сұлтан "қою қызыл" аймақта орналасқан — елорданың санитарлық дәрігері

Жағдайдың біршама  тұрақталғанына қарамастан, елордада коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де көңіл көншітерліктей емес. Бұл туралы ОКҚ брифингінде қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылықтың қарқынды көрсеткіші бойынша ғана емес, сондай-ақ 100 мың тұрғынға инфекциялық төсектердің жүктемесі мен толтырылуы бойынша да айқындалады. Осы жылдың 18 шілдесінен бастап елордада инфекциялық төсектердің жүктемесі 70% - дан асты, төсектерді толтырудың қарқынды көрсеткіші 200-ден жоғары болды. Осыған байланысты, осы екі көрсеткіш негізінде қала "қою қызыл" аймақта тұр", - деп хабарлады санитарлық дәрігер.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері елордада коронавирустық инфекцияның 99 176 жағдайы тіркелген. Шілдеде бұл көрсеткіш 38 046 жағдайды құрады, аптасына 9803 жағдай тіркелді, соңғы тәулікте – 1153.

Сондай-ақ, соңғы уақытта клиникалық белгілері бар науқастар санының өсуі байқалады, бүгінде олардың үлес салмағы жалпы сырқаттанушылықтың 83% - ын құрайды.

"Ауырудың жоғары деңгейі ересектер арасында тіркеледі: 18-29 жас аралығында - 16,4%, 30-39 жас аралығында – 22,2%, 40-49 жас аралығында - 28,4%, 60 жастан асқан егде жастағы адамдар арасында - 13%, балалар арасында - 16,7%, жасөспірімдер арасында-3,3%", - деді Сархат Бейсенова.

14 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ індеті наурыз айынан бастап 2,5 есе өсті. Мәселен, наурыз айында 1 106 жағдай тіркелген болса, шілдеде бұл көрсеткіш 6 058-ге жетті. Мамандар балалардың барлық жас топтарында ауырудың өскенін атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109